Кірпік ілмей жатырсың неге, анашым?..
Қараңғы түн. Ұйқысыз сен ғанасың.
"Жас теректі" несіне уайымдадың,
Жел соғады, əйтеуір жел болғасын.
Жұлдыз біткен жұтылып жанарыңа,
Мейірімге тұншықты-ау ғалам мына.
Жер дегенің - пендеге болса мекен,
Аспанды əкеп қоямын табаныңа!
Таусылмашы... Емес бұл жанашуым -
Аналардың қашан да бағасы ұлы!
Сенің көзің - Құдайға сыйынатын,
Он сегіз мың ғаламның қарашығы.
Кірпік ілмей жатырсың неге, анашым?..
Қараңғы түн. Ұйқысыз сен ғанасың.
"Жас теректі" несіне уайымдадың,
Сел жүреді, əйтеуір сел болғасын.
Ал, мына түн - өзгермес байырғы түн,
Қайырсыз кім, білмеймін қайырлы кім...
Ұйықташы, анашым, алаңдамай,
Ұйықтаңдар, аналар, қайырлы түн!
Əлди, Ана...
ӘЛДИ, АНА...
|
2 комментария
-
Бөгенбай ЗИЯЛЫБәрекелді, Біржан ақынның өлеңі жақсы екен. Аналар уайымсыз ұйықтасыншы...8 лет назад
-
ЛәйләОй, шіркін! Бізді уайымдап аналарымыз қанша түн ұйқысыз өткізді десеңізші... Ендігі кезек - біздікі...8 лет назад
О блоге
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."9 месяцев назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."9 месяцев назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."9 месяцев назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."9 месяцев назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."9 месяцев назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."10 месяцев назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.