СОҢҒЫ ДЕМ (Мұхаммед с.ғ.с)
Кешкілік... Азанның дауысы Аспаннан естіліп, Қанатын жайып тұр Құдайлық ескі Үміт. Мен сонда еске алдым, Пайғамбар, өзіңді, Жұмып ап жас аққан жəудірек көзімді... Бе-еу, Алланың жіберген ақырғы елшісі, Сен келіп нұрланды сұрланған жер түсі. Мен сенің ең Ғажап Жаныңды сүйемін, Біреулер сүртіп жүр пұттардың сүйегін. Шаршадың, Сабылдың, Қиналдың, Тарылдың, Үмітті жандырар үмбетті сағындың. Сен құсап сұраған Алладан көмегін, Өкінген пендені тым сирек көремін. Бір құлаш жақындау тұратын пейішке, Сəждеге жүрекпен иілген - періште... Сол ғасыр - Санасын оятып сандырақ бақсының, ...